Қытайдың шығысы тайфунға дайындалып жатыр
Қытайдың шығысындағы өңірлер "Доксури" деп аталатын тайфунға дайындалып жатыр.
Орталық метереологиялық обсерваторияның мәліметінше, Тынық мұхиттан шыққан тропикалық дауыл ,,күшті тайфун,, дәрежесіне ауысты. Қазір ол Тайвань аралының оңтүстік жағалауына жақындады. Жергілікті билік қауіпсіздік шараларын қабылдап, балық аулайтын кемелерге айлаққа қайтуға бұйрық берді. Су тасу қаупіне байланысты кәсіпорындар эвакуацияға дайындалып жатыр.