Грета Тунберг полицияға бағынбады

Грета Тунберг полицияға бағынбады

Әйгілі экобелсенді Грета Тунбергке полицияға бағынбағаны үшін айыппұл салынды. 

Оқиға климаттың өзгеруіне қатысты наразылық шарасы кезінде болған. Полиция Грета Мальме қаласында қоршаған ортаны қорғау мақсатында ұйымдастылған акцияда күре жолдарды жауып, тәртіпсіздіктерге бой берді деп  отыр. Экология жақтасына бас-аяғы  220 еуро шамасында айыппұл салынған. Грета өз кезегінде тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Оның сөзінше, қарсылық шарасы заң шеңберінде өткізілген. Жас қыз экология мәселелерін көтеруден тайынбайтынын ескертті.

Грета Тунберг, экобелсенді:

- Климаттың өзгеруінен қазір әлем елдеріне үлкен қауіп төніп тұр. Экология белсенділері қазір көбейіп келеді. Бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Біз райымыздан қайтпаймыз. Биліктегілер бізді естігенше наразылыққа шыға береміз.