Испанияның Гран-Канария аралының жағалауында 84 мигрант құтқарылды
Испанияның теңізде құтқару қызметі Гран-Канария аралының жағалауында 84 мигрант мінген қайықты құтқарғанын хабарлады.
Арасында біреуі көз жұмып, тағы сегізі ауруханаға жеткізілді. Атлант мұхитындағы Канар аралдары босқындардың Испанияға жетудің негізгі жолына айналды. Испания иелігіндегі бұл аралдар Батыс Африкаға жақын орналасқан. Келімсектер қайықтарға мініп, осы бағытқа аттанады. Әсіресе жазғы маусымда мигранттар саны артады. Алайда мұхиттағы алыс сапарға шығуға арналмаған қайықтар жиі апатқа ұшырап, талай адам қаза болып жүр.