Тунисте аптап ыстық шыдатпай барады
Елдің кей қалаларында сынап бағаналары рекордтық деңгейге – 49 градусқа жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Адамдар жаппай суға шомылып жүр. Жағажайларда ине шаншар орын жоқ. Осы кезде елдің солтүстік-батыс өңірінде орман өрті өршіп тұр. Соған байланысты 2,5 мыңдай адам эвакуациялануы мүмкін. Қауіпті өңірлерде төтенше жағдай жарияланып, тұрғындарға сақ болу ескертілді. Аптап ыстық алдағы таяу күндері басыла қоймайды, - дейді мамандар.