Бельгияда лаңкестік әрекет жасаған 6 адам сотталды
Олар 2016 жылы Брюссельде жарылыс ұйымдастырып, соның салдарынан 32 адам қайтыс болды.
Бұл ел тарихындағы ең озбыр оқиға ретінде тіркелді. Сот ұсталған 10 күдіктінің алтауына жаза кесті. Енді олар өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соңғы үкім қыркүйекте ресми жарияланады.
Сотталғандардың тізіміне 130 адамның өмірін жалмаған Париждегі террорға қатысы бар Салах Абдеслам да енді. Ол Франциядан қашып, Бельгияда жасырынып жүрген жерінен полицияның қолына түскен.