Перуде ірі жол апаты кезінде 21 адам жарақат алды
Күре жолдардың бірінде 2 жүк көлігі және 1 жеңіл көлік соқтығысқан.
Оқиға ел астанасы Лимада болды. Дәрігерлер зардап шеккендердің үшеуінің жағдайы ауыр деп отыр. Қазір апат туралы видеолар әлеуметтік желіге тарап кеткен. Кадрдан 1 жаяу жүргіншінің қашып, өлім аузынан қалғанын көруге болады. Көлік жүргізушілері жылдамдықты асырған деген болжам бар. Әзірге нақты себебі белгісіз. Тергеу амалдары жүріп жатыр.