Анталияда орман өртеніп жатыр
Түркия ормандарынан өрт шықты.
Тілсіз жау Анталия өңіріндегі Кемер қаласына жақындап келеді. Қауіп төнген аудандардағы тұрғындар эвакуацияланған. Жергілікті билік Кемердегі туристер мен тұрғындарға алыс жолға шықпай, сақ болуды ескертеді.
Жалпы Анталияда 15 күн қатарынан аптап ыстық тіркелген. Сынап бағаналары 45 градусқа жетіп отыр. Қызыл жалынның тез тарауына екпінді жел себеп. Куәгерлердің айтуынша, өрт ошағына жақын тұрған Гейнюк ауылында жолдар жабылып, көлік қозғалысы тежелген. Кей аудандарды көк түтін басты деген мәлімет бар. Әзірге Кемердегі қонақ үйлерге еш қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен саяхатшылар алаңдап отырғаны рас. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.