Эквадордың барлық түрмелерінде төтенше жағдай жарияланды
Себебі, түзету колонияларында зорлық-зомбылық күрт көбейген.
Мысалы, өткен сенбі күні Гуаякиль қаласындағы абақтыда тәртіпсіздіктер болып, 6 адам көз жұмып, 11 кісі жараланған. Бірақ жазасын өтеушілер үкіметтің шешіміне жаппай наразылық танытып жатыр. 13 түзету орнында сотталғандар аштық жариялап, биліктен түрмедегі санитарлық жағдайды жақсартуды талап етуде.