Американдық актерлер Таймс-скверге шеруге шықты
Актерлер гильдиясының мүшелері Нью-Йорктегі Таймс-скверде шеруге шықты.
Олар жалақының көтерілуін талап етіп отыр.
Сондай-ақ әртістер жасанды интеллект технологияларының көмегімен студиялар олардың рұқсатынсыз даусы мен қимылын қолдануы мүмкін деп те алаңдайды. Яғни бұл үшін ақы төленбейді. Еске сала кетейік, голливудтық сценаристер мамырдың екісінде ереуілге шыққан еді. Еңбек жағдайына байланысты наразылық білдірген оларға Актерлер гильдиясы да қосылды. Бұл ұйым 160 мың адамды біріктіреді.
Адам Нельсон, актёр:
- Бұл болашағымыз үшін күрес. Ұзақ жылдар бойы болған барлық келісімдердің күшін біртіндеп жойды. Талаптармыз көп, арасында лайықты медициналық сақтандыруға қол жеткізу де бар.
Рэйчел Бернштейн, актёр:
- Бұрын актерлер гильдиясына медициналық сақтандыруға ие болу үшін кірген. Бұл кәсіподаққа мүше болғымыз келетінінің бір себебі. Қазіргіден көп төлеп, бізге жақсы көңіл бөлетін. Қазір мүлдем өзгеше. Мүшелік жарнаның мөлшерін де екі есе көтерді.