АҚШ-тың Голливудынан маза кетті

Кино әлеміндегі жұлдыздар және сценаристер әлі ереуілдетіп жүр.

Калифорния штатынан бастау алған қарсылық акциялары елдің бірнеше өңірінде жалғасып, екі аптаға созылып отыр. Атақты “Уарнер Брозерс” пен “Уалт дисней” студияларының қызметкерелері алған бетінен қайтар емес. Олар жалақыны көтеруді және жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуде. Жиналған жұрт аптап ыстықтан әбден әбігерге түскен. Себебі биыл АҚШ-тың басым бөлігінде қазір күн күйіп тұр. Соңғы деректерге сүйенсек, жергілікті билік пен кәсіподақтар арасында келіссөздер жүріп жатыр. Бірақ диалог әзірге еш нәтиже бермей тұрған сияқты.