Ресей дәрігерлері гепатитті жұқтыру көрсеткішінің төмендегеніне күмәнданып отыр
Ресейде соңғы жылдары гепатитті жұқтыру оқиғалары азайды.
Бұл туралы осы елдің дәрігерлері мәлімдеді. Бірақ мамандар оны ауруды анықтау көрсеткішінің төмендеуінен болуы мүмкін деп отыр. Енді 6 мен 14 жастағы балалар арасында сары ауруды анықтау бойынша жаңа бағдарлама енгізу ұсынылды. Өйткені дертке шалдығу қауіпі тобына жататын мыңдаған бала денсаулық сақтау жүйесінің бақылауынан тыс қалған деген күдік бар. Әлемде қазір созылмалы В гепатитімен 300 милион адам ауырады. Жыл сайын 1,5 миллион азамат осы дерттің ең ауыр түрі гепатит С-ға шалдығады. Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға қарай кеселді түбегейлі жоюды мақсат етіп отыр.
Владимир Чуланов, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы аурулар бойынша штаттан тыс бас маманы:
- Бізде 2009 жылдан бастап гепатиттің С түріне шалдыққан азаматтардың саны азайып келеді. Былтыр бұл ауру 34 мың адамнан анықталды. Яғни әр 100 мың тұрғынға 23 оқиғадан келеді. Бұл елде ауруды жұқтыру көрсеткіші төмендегенін көрсетеді.