Әлемнің тең жартысы аптап ыстыққа бейімделуге мәжбүр

Әлем халқының тең жартысы аптап ыстыққа бейімделуге мәжбүр.

Биылғы жаз Еуропа, Азия мен Солтүстік Америкада ерекше болып тұр. Кейбір өңірлерде ауа температурасы 50 градустан асты. Мұндай температура бұрын-соңды тіркелмеген.

Соңғы 8 жылдағы зерттеулер нәтижесі бойынша аптап ыстық жылдан жылға күшейіп барады. Былтыр жазда Еуропада температураның қалыпты деңгейден жоғарлауы салдарынан 60 мыңнан аса адам қайтыс болды. Биыл да көптеген өңірде күн шыжып тұр. Ғаламдық жылынуға байланысты тұрғындарға енді  осындай ауа-райына бейімделуіне тура келеді.  

Джоан Баллестер, Барселона денсаулық сақтау институтының профессоры:

- Ыстыққа бейімделмеске амал жоқ. Табиғаттың тосын мінезіне шыдас беріп, алдын алу жұмыстарын күшейту керек. Тұрғындар да денсаулығына бей жай қарамай, имунитетті көтеріп, ыстыққа төзуді қолға алған жөн. Басқа жолды көріп тұрған жоқпыз.

Қытай қырғиқабақ соғыстан қалған бомбадан сақтану паналарды қолдануды ұйғарды. Бункерлерде демалыс орындарын ашып, қойманы дәрі-дәрмекпен толтырмақ. Мюнхенде қала картасына көлеңке жерлер белгіленген мобильді қосымша іске қосылды. Сол арқылы саябақтарды табуға болады. Ал Барселона билігі "климаттық баспаналар" жобасын іске қосты. Яғни кез келген адам кітапхана, мұражай мен мектеп, спорт орталықтарына барып, демалуына болады.  

Ирма Вентайол, Барселона қалалық кеңесінің өкілі:

- Бұл орындарға түсте немесе кешке келуге болады. Егде жастағы адамдар көп. Көшеде жүріп, күн өткен адамдар келеді. Осында бір сағат кітап оқып, демала алады. 

НАСА-ның климатолог мамандары жылдан жылға күннің ысуы жоғарылай беретінін ескертті. Сондықтан қазірден бастап климаттың өзгеруіне бейімделу маңызды болып отыр.

Бекболат Тұрмаханов