Доксури тайфуны Тайваньға ауыр соққы берді
Тайвань жеріне “Доксури” тайфуны ауыр соққы берді.
Елдің оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын тоқтамай, жолдар шайылып кетті. Енді лай көшкіні қаупі әуежайларда 100-ге жуық рейс кейінге шегеріліп, жолаушылар діттеген жеріне жете алмай әбігерге түсті. Елдің шығысы мен оңтүстігі арасында теміржол қатынасы тежелді. Пойыздар мүлдем жолға шықпай қалды. Қауіп төнген өңірлерден 5700 адам эвакуацияланды.