Биылғы шілде айы тарихтағы ең ыстық ай болды
Биылғы шілде айы адамзат тарихындағы ең ыстық ай болды.
Мұны неміс ғалымдарының зерттеулері көрсетіп отыр. Осы айда ғаламдық температура индустриалдық кезеңге дейінгі деңгейден 1,5 градусқа асып кеткен. Бірқатар елде сынап бағанасы рекордтық деңгейге жетті. Қытайда плюс 53, ал Италияның Сардиния аймағында 50 градусқа жақындады. Мәселеге қатысты БҰҰ Бас хатшысы климаттық дағдарыспен күресу үшін күш біріктіуге шақырды. Қыркүйек айында Нью-Йоркте тағы бір ауқымды саммит өткізу жоспарланып отыр.