Түркиядағы 1 миллионға жуық босқын Сирияға қайтарылады
Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
Сирияда тұрақтылық орнаған сайын отанына оралатындар саны арта түседі. Мәселен, туған жеріне 600 мыңға жуық босқын қайтқан. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елде 4 миллион 888 мыңнан астам «тұрақты» иммигрант бар. Дені тіркелген. 3 миллионнан астамында уақытша паналаушы статусы бар. Биылғы президенттік сайлауда «босқын мәселесі» үлкен дауға айналып, халық пікірі қақ жарылған. Бірі босқындарды еліне қайтару керек десе екінші бөлігі оларға толеранттық танытады.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:
- Сирияда тұрғын үй жобасы аясында 240 отбасынан құралған жалпы саны 1 миллион босқынды қайтаруды жоспарлап отырмыз. Катардың қаржылық қолдауымен жүзеге асырған тұрақты тұрғын үй жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Біздің үлкен қалаларда, әсіресе Ыстамбулда тексерулер қатаң түрде жүргізіледі. Қылмысқа араласып, қоғамымыздың тыныштығын бұзғандар депортацияланады. Соңғы 6 айда 36 мың иммигрант ұсталып, 16 мыңы кері қайтарылды.