Грекиядағы өрт қоршаған ортаға орасан залал келтірді
Грекия орманында шілдеде тұтанған өрт қоршаған ортаға үлкен залал келтірді.
Мамандар ауаға 1 жылда 222 мың көлік шығаратын көмірқышқыл газы тарағанын айтып, дабыл қағып жатыр. «Бұл – Грекияда соңғы 20 жылда тіркелген ең жоғары теріс көрсеткіш», - дейді Еуроодақтың атмосфераны бақылау жөніндегі «Коперник» қызметі. Өрттен әсіресе Родос аралы мен Афинаның батысындағы аймақтар қатты зардап шеккен. Экологтар өңірдің биологиялық тіршілігіне де алаңдап отыр.