Канадада бұршақ пен жел 10 мыңнан астам үйді жарықсыз қалдырды

Канада астанасында бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауды.

Метеорологиялық агенттік желдің жылдамдығы сағатына 90 шақырымға жеткенін хабарлады. Осының салдарынан Оттава мен іргесіндеғі Гатино қаласында 10 мыңнан астам үй жарықсыз қалған. Мамандар электр қуатын толық қалпына келтіруге бірнеше күн керек дейді.