Перу астанасында жаппай шеру болып жатыр
Президенттің Конгрестегі сөзінен кейін Лима көшесіне жүздеген адам шыққан.
Мемлекет басшысы билікке қылмыспен күресу үшін айрықша өкілеттік беруді сұраған. Бұл мәлімдеме көптеген адамның ашу-ызасына тиді. Олар «мұны шектен шығу, адам құқықтарын аяқ асты ету» деп есептейді.
Полиция наразы топты тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашуға мәжбүр болды. Сарапшылар Дина БолуАрте былтыр желтоқсанда билік басына келгелі наразылық күшейіп кеткенін алға тартады. Осы уақыт аралығында қақтығыстардан 60-тан астам адам ажал құшқан.