Бразилияға бүкір киттер қайта орала бастады
Бірнеше жыл бұрын, бұл су жануарларының саны күрт қысқарып кеткен еді.
Оған қаскүнемдердің заңсыз әрекеті түрткі болды. Олар китті бағалы майы үшін жаппай аулап қырып жіберді. Соның салдарынан жойылып кету қаупі туындады. Жуырда ғалымдар мен еріктілер олардың 500 шақты басын кездестірген. Енді белсенділер санақ жүргізу мақсатында киттерді фотоға түсіруге кірісті. Суреттер арнайы сайтқа жүктеледі. Осы арқылы алып теңіз жануарларының популяциясы бақыланады.