Аланияда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады
Түркияның Алания қаласында Қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырап, 2 кісі қаза тапты.
Жергілікті Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі мен оның жанында отырған гид, Украина азаматы қайтыс болған. Көліктегі 12 жолаушының 10-ы жарақат алған. Алтауының жағдайы ауыр. Олар жақын ауруханаларға жеткізілген.
Шағын автобус Қазақстандық туристерді әуежайға апара жатқанда жүк көлігіне соғылған. Қазір тергеу амалдары басталды. Қазақстан Сыртқы істері министрлігінің мәліметінше, Анталиядағы Бас консул отандастарымыздың жағдайын білу үшін оқиға орнына шыққан.