Нигерде әскери төңкерісті қолдайтын шеру өтті

Нигерде тағы да шеру өтті.

Әскери төңкерісті жақтайтын мыңдаған адам бұл жолы Францияға қарсы наразылық білдірді. Жұрт ұрандатып, елшілік ғимаратына тас лақтырды. Францияның туын өртеді. Айта кетейін, әлемнің біраз елі Нигерде болған төңкерісті қатаң сынап, мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырып отыр. Сонымен қатар қамауға алынған президентті босатуды талап етіп жатыр. Қазір бұл елдің шекарасы жабық. Нигер бойынша коменданттық сағат жарияланған.