Дохада спортшы 200 метрлік биіктікте қыл арқанмен жүріп өтті

Қатар астанасы Дохада жаңа әлемдік рекорд орнады.

Яан Руз есімді спортшы, 185 метр биіктікте 150 метрге созылған арқан үстімен жүріп өтті. Бір таңқаларлығы, арқанның жуандығы небәрі 2,5 сантиметр болған. Бұған дейін әлемде ешкім бір ғимараттың екі ұшына тартылған арқанжолмен мұндай қашықтықты бағындырмаған. Спортшының айтуынша, рекорд орнату үшін біраз уақыт оңтайлы сәтті күтуге тура келген. Өйткені екпінді жел қатты кедергі келтіріпті.