Германия экономикасы құлдырауы мүмкін

Халықаралық Валюта қорының сарапшылары осылай дейді.

G7 елдері ішінде Германияның қаржылық жағдайы өте қиын болмақ. Басты себеп несие жүйесінің қатаңдауы және Қытайдың неміс тауарларына деген сұранысының күрт азаюы. Сондай-ақ нергетикалық дағдарыс та  экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Мамандар Германия негізі Ресейдің газына қатты тәуелді болғанын айтады. Әзірге немістер еш балама таппай отыр. Соңғы көрсеткіштерге қарасақ, АҚШ пен Италияда Жалпы ішкі өнім өсімі 1,8 пайыз шамасында болады күтілуде, ал Германияда алдағы уақытта керісінше 0,3 пайызға төмендейді. Қазір елде инфляция деңгейі 6,5 пайызды құрап отыр. Бұл жағдай ЕуроАймаққа да кері әсерін тигізеді дейді сарапшылар.