Мичиганда атыс болды
АҚШ-та тағы атыс.
Елдің Мичиган штатындағы оқыс оқиға кезінде 7 адам жараланды. Оның екеуінің жағдайы ауыр. Полицияның деректеріне сүйенсек, атыс Лансинг қаласында сауда орталығының көлік тұрағында болған. Зардап шеккендер 16 -26 жас аралығындағы жастар екен. Олардың барлығы қазір ауруханада. Күдіктілер ұсталып, олардан қару тәркіленді. Істің мән-жайы анықталып жатыр. Жыл басынан бері АҚШ-та 400-ге жуық жаппай атыс тіркелді. Қайғылы оқиғалардан құрбан болғандардың көбі қарапайым халық.