Үндістанда кранның құлауынан 17 адам мерт болды
Үндістанда құрылыс алаңында кран құлап, 17 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жараланған тағы 3-еуі ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиға Мумбайға жақын Тхане қаласында болды. Кран көліктер мен пойыздардың өтуіне арналған көпірлерді салу үшін пайдаланылған. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты.