Болгария халқы зорлық-зомбылыққа қарсы ереуілге шақты
Болгария астанасы София мен 40-тан астам қалада мыңдаған адам шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар қыз-келіншектерге көрсетілетін зорлық-зомбылықтың күшейгеніне қарсы бас көтерген. Ұлттық статистика институты жариялаған зерттеу бойынша, бұл елдегі қыздардың 30%-і ата-анасынан физикалық немесе эмоциялық жәбір көреді екен. Ал әрбір бесінші әйел күйеуінің немесе серігінің тарапынан менталды, сексуалды немесе физикалық қысымға ұшырайды. Ол аздай жақында ғана қызына 400 рет пышақ сұғып өлтірген ер адамға еш айып тағылмай, сот залынан босап шыққан.
Пламен Петров, менеджер:
- Айыпты адамды жазасыз қалдыру бір жағынан зорлық-зомбылықты, екінші жағынан, қоғам наразылығын күшейтеді. Мұны көрген кейінгі ұрпақ мейірімсіз, тәрбиесіз болып өседі. Бұл – өте қауіпті тенденция. Мұны бұлай жайына қалдыруға болмайды. Түбегейлі өзгерістер керек.