Германия полициясы шекараға бақылау енгізуді сұрады
Германияның Полиция кәсіподағы Чехия және Польшамен арадағы шекараға бақылау енгізуге шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өйткені заңсыз көші-қон күшейіп барады. Қазіргі заңнама бойынша елдің шығысынан кірген босқындарды шығаруға болмайды. Бұған дейін Австриямен арадағы бекетке бақылау қойылған болатын Соның арқасында 15 мыңға жуық заңсыз мигранттың жолы кесілген. Шенген аймағына кіретін елдердің шекарасына шектеу қою үшін Еуроодақтың арнайы рұқсаты қажет. Сондықтан Германияның Полиция кәсіподағы Ішкі істер министріне өтініш жолдады.