Пәкістандағы жарылысты кімнің ұйымдастырғаны белгілі болды
Пәкістандағы лаңкестік шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды.
Оқиға 30-тамызда болған еді. Жиын кезінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберген болатын. Салдарынан 50-ден астам адам мерт болып, шамамен 200 тұрғын жараланды. "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" өкілдері шабуылдың тәліптерге қарсы бағытталғанын мәлімдеді. Өйткені бұл жиынға «Талибан» қозғалысымен байланысы бар партияның жақтастары қатысқан еді.