Әлемде алтынға сұраныс көп

Әлемнің орталық банктері биыл жарты жылда 387 тонна алтын сатып алған.

Бұл кейінгі 23 жылда болмаған рекордтық көрсеткіш. Сұраныстың артуына байланысты тиісінше бұл бағалы металды өндіру көлемі де ұлғайған. Сөйтіп 6 ай ішінде оның 1781 тоннасы өндірілген. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Қытай тарапынан қызығушылық жоғары. Әлемдік сұраныстың 20 проценті осы мемлекеттің үлесіне тиесілі. Бұдан бөлек ірі сатып алушылар қатарында Сингапур мен Еуропалық Одақ елдері де бар.

Ван Лисинь, алтын жөніндегі дүниежүзілік кеңестің өкілі:

- Алтынға сұраныстың артуына әлемдегі геосаяси және экономикалық ахуалдың өзгеруі әсер етті. Бұл валюта қорын әртараптандыру мақсатында жасалып отыр.