Әлемдегі қызметкерлердің тек 37% кеңселерде жұмыс істейді
Қашықтан жұмыс істеу тәртібінің салдарынан 2030 жылға қарай кеңселерге арналған жылжымайтын мүліктің құны 800 миллиард долларға төмендейді.
Бұл McKinsey консалтинг фирмасының сарапшылары жасаған болжам. Олардың мәліметінше, қазір әлемдегі қызметкерлердің тек 37%-і офистерде жұмыс істейді. Сондықтан кеңселерге сұраныс айтарлықтай азайды. Сарапшылардың пікірінше, бұл әлем экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ, құрылыс саласында жұмыс орындары қысқарады.