Парижде €15 млн заты тоналды
Парижде швецариялық бренд сағаттары мен зергерлік заттар сататын дүкен шабуылға ұшырады.
Қала прокуратурасының мәлімдеуінше, қылмысты ұйымдасқан топ жасаған. Ұрылар жалпы құны 15 миллион еуро болатын заттарды алып кеткен. Тергеу амалдары басталды. Полиция 2 ер адам мен 1 әйелді іздестіріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, олар Оңтүстік Африка азаматтары болуы мүмкін. Қаскөйлер дүкенге тапаншамен кірген, бірақ ешкім зардап шекпеген.