Ресейде инфляциялық болжам жасалды
Ресейде биыл жыл соңына дейін инфляция 5,8 пайызға жетуі мүмкін.
Егер экономикалық ахуал нашарлай түссе 6,5 пайызға дейін көтерілуі ықтимал. Елдің Орталық банкі осындай болжам жасады. Реттеуші орган бағаларға, ең алдымен, рубльдің құнсыздануы әсер етеді деп пайымдайды. Кері үрдіс жылдың екінші жартысында күшейеді деген пікірде. Көптеген тауарлар мен қызметтер қымбаттайды деп күтілуде. Осы себепті Орталық банк пайыздық мөлшерлемені 9,5 пайызға дейін көтеруі мүмкін.
Максим Чирков, экономист:
- Орталық банк ұзақ уақыттан кейінгі үзілістен соң пайыздық мөлшерлемені өсіруге оралды. Бұл әрине несиелеу талаптарына әсер етеді. Ол ипотекалық несие, автокредит және тұтынушылық несие бағдарламаларынан байқалады. Себебі, ел экономикасы пайыздық мөлшерлемеге тікелей байланысты екені белгілі.