Жер шарының жартысында температура жоғарылады

Жер шарының жартысы ыстық ауа ағынының құрсауында қалды.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметі бойынша, биыл орташа ғаламдық температура 2016 жылғы рекордты көрсеткіштен асып түскен.

Қытай

Қытайда жаз басынан бері бірнеше рет жоғары температура тіркелді. 22 маусымда Бейжіңдегі сынап бағанасы 41 градустан асқан. Мұндай аптап соңғы 60 жылда алғаш рет орнады. Ал шілдеде елдің солтүстік-батысында 52 градусқа дейін күн ысыды. Турфан ойпатында 2015 жылы күн 50 градусқа дейін ысып еді. 

Италия

Италия тұрғындары да аптапты сезінді. Шілденің ортасында Римде ауа температурасы 41,8 градусқа жетті. Метеорологтар елдегі ең жоғары көрсеткішті Сицилия жағасындағы Ликата шағын айлағында тіркеді. Рекорд - 46,3 градус.

Франция

Францияның оңтүстігінде тарихтағы ең жоғары температура орнады. Арьеж  департаментінде күн 40,6 градусқа дейін ысыған. Тіпті шаңғы тебетін Альп-д'Юэз аймағында сынап бағанасы 30 градусқа дейін жеткен. Ғалымдар алдағы 10 жылда жер шарының барлық түкпірінде ауа температурасы көтеріледі деп болжайды. Ғаламдық жылыну деңгейі 2 градусқа артып, ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау салаларына үлкен түсуі мүмкін деп ескертеді сарапшылар.

Авторы: Ернат Мелсұлы