Д. Трампқа жаңа айып тағылды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа 2020 жылғы сайлауға араласу ісі бойынша жаңа айып тағылды.

Оның бұл әрекеті  2021 жылдың алтыншы қаңтарында Капитолийге жасалған шабуылға түрткі болған көрінеді. Және сот Дональд Трамп АҚШ үкіметін алдауға тырысты, сондай-ақ куәгерлері жалған мәлімет берген деп айыптауда.

Айта кетейік бұрынғы президентке қатысты қозғалған бұл үшінші қылмыстық іс. Маусым айында Трампқа қарсы қозғалған іс бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы шығарылуы мүмкін.