Нью-Йоркте мигранттарды орналастыратын орын жетпей жатыр
Былтыр көктемнен бері мұнда 90 мың шетелдік баспана сұрап келген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Статистика бойынша, күн сайын қалаға 300-ден 500-ге дейін адам табан тірейді. Қабылдау орталықтары адамға лық толы. Сондықтан қала басшылығы босқындарды қонақ үй ғимараттарына жайғастырып жатыр. Бірақ соның өзінде де орын тапшы. Салдарынан келімсектер көшенің қақ ортасында тұруға мәжбүр. Соған байланысты Нью-Йорк мэрі босқындарға арнайы орталықтарды ары кетсе 60 күн паналауға рұқсат ететінін айтты. Осыдан кейін шетел азаматтары АҚШ-тың өзге қаласына қоныс аудару туралы өтініш жазуға міндеттеледі.
Эрик Адамс, Нью-Йорк мэрі:
- Нью-Йорк тұрғындары мен билігі мигранттарды қабылдауға қарсы емес. Өйткені олардың қаламыздың, тіпті бүкіл еліміздің өркендеуіне қосқан үлесі зор. Алада қазір жағдай қиындап кетті. Күн сайын жүздеген адам келіп жатыр. Біз үкімет пен штат басшылығының көмегінсіз оларды қабылдай алмаймыз.