Бразилияда полиция 16 адамды атып өлтірді
Бразилияның Сан-Паулу штатында полицияның зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы шеру өтті.
Осының алдында тәртіп сақшылары арнайы операция өткізіп, 16 адамды атып өлтірген болатын. Ереуілшілер "сот-тергеусіз ел азаматтарын өмірінен айырып, мұндай қатыгездікке баруға болмайды" дейді. Ал полиция "қарулы күштер қауіпті жағдайда өзін қорғауға мәжбүр болды" деп ақталып отыр. Дегенмен, штат губернаторы операция жүргізген полицейлердің іс-әрекетін тергеуге уәде берді.
"Сан-Паулу штатының губернаторы конституцияны өрескел бұзып отыр. Оның 5 бабы өмір сүруге құқық береді. Біз мемлекеттік қызметшілерге балаларымызды атып өлтіруге жол бермейміз".