Францияда күн кенеттен суып кетті

"Шіліңгір шілдеден кейін бірден күз келгендей".

Франция тұрғындары осылай дейді. Елдің солтүстігінде күн райы бірден суып кетті. Тұрғындар жылы киінуге мәжбүр. Метео-Франстың хабарлауынша, Вимере аймағындағы температура Цельсий шкаласы бойынша 17 градусты көрсетіп тұр. Бұл тамыз айындағы әдепкі орташа температурадан 24 градусқа төмен. Ал жел екпіні сағатына 80 шақырымға жетті. Мамандар жаңбыр мен дауыл аралас ауа райы әлі бірнеше күн сақталады дейді. Әзірге бұл өзгерістің себептері белгісіз. Алайда көрші Испаниядағы аптап пен Грекияның Родос аралындағы орман өртімен күресуге мәжбүр еуропалық мамандар бұл құбылысқа аң-таң екендерін жасырмады.