Голливуд актерлері уақытша келісімге келді
АҚШ-та 3 айға жуық уақыт ереуілдетіп жатқан Голливуд актерлері Продюсерлер альянсына кірмейтін киноөндірушілермен уақытша келісімге келді.
Осылайша жұлдыздар тәуелсіз телеөнімдерге түсуге мүмкіндік алып отыр. Бұл оларға табыс табуға көмектеспек. Естеріңізге сала кетейік, Голливуд актерлері 14 шілдеде жаппай шеруге шығып, кинотүсірілімдер мен жарнамаларға қатысу құқығынан айырылған еді.