Көгілдір шаяндар Италияның ұлу өсіру саласына кедергі келтіріп отыр

Америка жағалауын мекендейтін көгілдір теңіз шаяндары Жерорта теңізінде тым көбейіп кетті.

Бұл балық шаруашылығы мен ұлу өсіру саласына кедергі келтіріп отыр. Әсіресе Италияның кәсіпкерлері шығынға батқан.

Бір қызығы, шаянның бұл түрін италиялықтар асқа пайдаланбайды екен. Ал Испания мен Тунисте көгілдір шаянды өңдеп, тағам шығарады. Мамандар шаяндардың көбеюіне теңіздің жылынуы тікелей әсер етіп отыр деп санайды.