Оңтүстіккореялық оқушылар Қазақстанмен танысты
Сеулдегі елшілік өкілдері Хангук шет тілдер университетінің тыңдаушыларымен кездесіп, еліміз жайлы мағлұмат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Екі елдің достығы, тарихы мен ұстанымдары турасында мәліметтер айтылды. Балалар Қазақстан жайлы танымдық сұрақ-жауап сайысына да қатысты. Жеңімпаздарға ұлттық кәдесыйлар табыс етілді. Оқушылар Пхенчхан округінің бастауыш және орта мектептерінде білім алады.
Ом Хен Сон, бастауыш мектеп оқушысы:
- Мен Қазақстан туралы көп білмедім. Көрнекі жерлер көп екен.
Ким Ын Со, орта мектеп оқушысы:
- Маған қазақтың салт-дәстүрлері ұнады. Қазақстанда корейлердің тұратынына таң қалдым.