Нью-Йоркте пойыз апатқа ұшырады

Нью-Йорк қаласының маңайына қатынайтын пойыз жолдан шығып кетіп, 13 адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында 9 бала бар. Дәрігерлер 2 кісінің жарақатын ауыр деп бағалады. Көлікте 100-ге жуық жолаушы болған. Аталған бағыт бойынша пойыз қатынасы уақытша тоқтатылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.