Мексикада жол апатынан 17 адам көз жұмды

Мексиканың батысында жолаушылар автобусы 50 метрлік құзға құлап кетіп, 17 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрбандар арасында 3 бала бар. 22 адам жараланған. Өрт сөндіру қызметі автобуста болған 40 жолаушының 6-уы Үндістан азаматы деп мәлімдеді. Әзірге апат себебі белгісіз.