Сот Д. Трампқа ресми айып тақты
Вашингтон соты Дональд Трампқа 2020 жылғы президент сайлауының нәтижесін бұрмалау мақсатында қастандық жасады деген ресми айып тақты.
Бірақ АҚШ-тың бұрынғы басшысы өзін кінәсізбін деп есептейтінін мәлімдеді. Кезекті отырыс 28 тамызға белгіленген. Ол күні сот үдерісін бастаудың ресми мерзімі айқындалмақ. Негізі Трамп келесі жылы өтетін президент сайлауына қатысуға ниетті. Республикалық партиядағы жақтастары оны бірауыздан қолдап отыр.
Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрынғы президенті:
- Бүгін – Америка үшін өте қайғылы күн. Болып жатқан оқиғаларға бағамдап қарасақ, мен саяси қарсыласымның тарапынан қуғындалып жатырмын. Мен Республикалық партияның праймеризінде өте жоғары көрсеткішке иемін және Байденнен оқ бойы озып тұрмын.