Мексикада автобус 50 метр шатқалға құлап кетті
Мексикада жолаушылар автобусы 50 метр шатқалға құлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салдарынан 17 адам қаза тапты. Олардың қатарында 3 бала бар. Тағы 22 адам әртүрлі жарақатпен жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Тихуанаға жол тартқан автобуста барлығы 40 жолаушы болған. Әзірге көліктің неліктен апатқа ұшырағаны белгісіз.