Чилиде мектеп пен шіркеу өртенді
Чилидің оңтүстігінде қасақана өрт салдарынан мектеп пен шіркеу және автокөліктер өртеніп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқиға Араукания аймағында болған. Аталмыш провинция 1 жылдан астам уақыт төтенше жағдай режимінде тіршілік етіп отыр. Байырғы Малуче тайпасының өкілдері осындай әрекеттері арқылы билікке қарсылығын білдіріп жатыр. Олар мемлекетті тарихи құқықтарын таптағаны үшін айыптап отыр. Ал ел астанасы Сантьягоға тиіп тұрған бұл аймақта шамамен 2 миллионға жуық тайпа өкілі бар.