Оңтүстік Кореяда пышақ шабуылынан 1 адам қаза тапты

Тағы 12 тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Соннам қаласында болған. Ер адам алдымен жаяу жүргіншілерге көлікпен шабуылдап, 4 адамды соққан. Одан кейін сауда орталығының ішіне еніп, 9 адамды жарақаттаған. Белгілі болғандай, қастандық жасаушы 20 жаста, психикалық ақауы бар екен. Ол қазір ұсталды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Сеулде де пышақ шабуылы жасалып, салдарынан 1 адам көз жұмды. Ол кезде де 30 жастағы ер адам көшедегі жүргіншілерге себепсіз шабуылдаған.