Тырысқақ дерті әлемге тарауы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары тырысқақ ауруының әлемге таралу қауіпі жоғары екенін ескертті.

Жыл басталғалы бұл дерт 25 елде тіркелді. Былтыр 16 мемлекетте болған еді. Ұйым мүшелері тырысқақ дерті бұрынғы жылдармен салыстырғанда, жылдам таралып жатыр деп дабыл қағуда. Қазіргі кезде ауру тіркелген елдерде вакцина жетіспейді және ауруханаларында бос орын жоқ.