Таиландта жол апатынан сегіз адам көз жұмды
Таиландта жолаушы тасымалдаған автокөлік пойызбен соқтығысып қалды.
Жол апатынан 8 адам қаза тауып, төртеуі жарақат алған. 54 жастағы көлік жүргізуші аман. Ол жақындап келе жатқан пойызды көрген және дыбыс белгісін де естіген. Бірақ ассыққан жолаушылары теміржолды кесіп өтуге көндірген көрінеді. Жалпы Таиланд әлемдегі жол қауіпсіздігі ең нашар елдердің бірі. Үкімет 2027 жылға дейін жол апаттарынан болатын өлім-жітімді үш есе азайтуды көздеп отыр. Алайда инфрақұрылымға инвестицияның жетіспеуі жоспарды жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр.