Мексикада автобустың құзға құлауынан 18 адам қаза болды

Мексиканың батысында жолаушылар автобусы құзға құлап, 18 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 23 жолаушы жарақат алды. Оқиға Тепик қаласына жақын жерде түн ішінде болды. Таудағы жолмен келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, 40 метрлік жырадан құлап түскен. Көліктегі жолаушылардың көбі АҚШ-қа қарай бет алған мигранттар болған. Апаттың себептері анықталып жатыр.