БҰҰ: Ауғанстанға гуманитарлық көмекке 1,3 млрд доллар қажет
Ауғанстанға шұғыл гуманитарлық көмек көрсету үшін 1,3 миллиард доллар қажет.
Бұл туралы БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасы мәлімдеді. Ұйым қаржы тапшылығынан елде көп бағдарламаларды қысқартуға мәжбүр болған. Салдарынан көп жылдар бойы қарулы қақтығыстан зардап шеккен елде гуманитарлық дағдарыс шиеленісе түскен. Құрылым осы себепті халықаралық қауымдастықты күзге дейін гуманитарлық көмек көрсетуге қажетті қаржыны тездетіп жинауға шақырып отыр. Ресми дерекке сүйенсек, 40 миллион тұрғыны бар Ауғанстанда халықтың жартысы кедейшілікке душар болған.